• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2017

Қуыршақтар аукционын ұйымдастырды

936 рет
көрсетілді

Семейдегі Невзоровтар от­басы атындағы бейнелеу өнері музейінде қайырымдылыққа толы шығармашылық жұмыстар ұйым­­дастырылды.

Соның бірі − ав­тор­­лық ойыншықтардың аук­цион-көрмесі. Көрмеге Семейдегі таны­мал 9 қуыршақ  шебері  өз қол­­дары­мен жасаған 50-ге жуық ойын­шық ұсынды. Олардың жар­тысы қайырымдылық аук­цио­нында сатылды. Инесса Ма­­­кишева, Ажар Дүкімбаева, Мар­­гарита Редхер, Анастасия Южакова, Бақытжан Шапенова, Рыс­­бике Зәкерханова, Фарида Өмір­­баева, Наталья Ману­ленко жа­­са­ған қуыршақ­тар­ға халық дән риза болып, шек­­сіз алғыстарын білдіреді.  Қуыршақпен ойнамайтын бала жоқ. Музей қызметкерлерінің ай­туынша, қуыршақтың пайда болу тарихы көшпенділерден бас­тау алады. Көшпенділер деп отыр­­ғанымыз − сақтар, ғұн­дар, үй­сін­дер. Ерте заманда қуыр­шақ­ты сазбалшықтан, тері пұш­па­ғы­нан, ағаштан, сүйектен жаса­ған. Осы­дан мың жыл бұрын бала­лар қуыр­шақпен ойнаса, қазір де солай ойнайды. Бірақ техни­каның, экономиканың дамы­ған за­ма­нында қуыршақтар был­ғары­дан, пластмассадан, резеңкеден жаса­лып, оларға түрлі пішіндер беріледі.  

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА Семей Суретті түсірген автор