• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2017

Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

257 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Созақ аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Созақ ауданының әкімі болып Салыхан Сабырұлы Полатов тағайындалды.

Аудан активіне ауданның жаңа басшысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

С.Полатов 1959 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-металлург, экономист.

Еңбек жолын 1982 жылы Манкентживмаш зауытының инженер-технологы болып бастаған. 1983-2005 жылдары Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, аға мастері, «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ басқарма бастығының орынбасары, атқарушы директорының коммерция бойынша орынбасары, «Южполиметалл» ЖАҚ директорының орынбасары болып еңбек еткен. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы  жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары,  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Отырар ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді.