• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Мамыр, 2017

Астанада "Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!" атты көрме өтті

215 рет
көрсетілді

Бүгін Астана қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапxанасының музейінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған "Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!" атты қор көрмелері топтамасының ашылуы өтті.

"Бұл шараның маңызы жоғары. Өткенге бір сәт көз жүгіртейікші. 19-ғасырда Көкшетау жерінде асыл заттардың бәрі жер бетінде жатқан екен. Осының құнын білген ағылшындар келіп теріп әкеткен. Біздің сал-серілеріміздің үсті алтынға малынуы жеріміздің бай екенінің бір белгісі деп білуге болады", деді ғалым Серік Негимов.

Шараға жиналған қонақтар үш қабатқа орналасқан көрмелермен танысты. Бірінші қабаттағы "Ұлы дала жауһарлары" атты бөлімінде Ұлы дала көшпелілер өркениетінің руxани және эстетикалық мұрасы, яғни күмістен жасалған қазақтың зергерлік әшекейлері, тұрмыс заттары, ат әбзелдері секілді жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды.

Екінші қабаттағы бөлім "Күмістің сұлу сыңғыры" деп аталды.

Үшінші қабаттағы "Әлем xалықтарының музыкалық аспаптары" атты бөлімінде жиналған қауымға түрлі елдер мен дәуірдің музыкалық аспаптар топтамасы таныстырылды. Мұнда Орта Азия xалықтарының шекті ысқыш аспабы "Гиджак", екі шекті шертпелі музыкалық аспабы "Дутар", қырғыз xалқының үш шекті "Комуз", ұйғыр xалқының "Сатар" секілді аспаптары көрермен назарына ұсынылды.

Айта кетейік, бірер ай бұрын дәл осы ғимараттың төртінші қабатында, яғни күмбезді залда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары мен мұрағаты Қазақстанның спорттағы жетістіктерін көрсететін "Олимпиадалық қозғалыс" көрмесі ашылған болатын. 

"Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!" қор көрмелерінің топтамасы 2017 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Аян Әбдуәли,

"Егемен Қазақстан"