• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2017

Ахмед Местоев Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілі қызметінен босатылды

506 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ахмед Местоев Якубович өз еркімен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Местоев Ахмед Якубович 1949 жылы 15 маусымда дүниеге келген.

1969 - 1996 жылдары Қазақ тұтынушылар одағы жүйесінде қатардағы маман қызметінен бастап басқармасы төрағасының орынбасары лауазымы аралығындағы қызметтерді атқарды.

1996 - 2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцариялық Конфедерациядағы (Женева) сауда өкілі болды.

2002 - 2010 жылдары - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілі (Мәскеу).

2010 жылдың қарашасынан - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі.

2012 жылдың қазан айынан бастап - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілі (Мәскеу).