Қасымов Мүслім Жеңісұлы 1969 жылы туылған, білімі жоғары, 1993 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы, 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «жеңіл өнеркәсіптің экономикасы және менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Тараз» тауар - өндірушілер ассоцияциасының «Санат» құрылыс-сауда фирмасының шебері болып бастаған. 1995-1996 жылдары Тараз қалалық экономика басқармасының жетекші маманы, бас маманы,1996-1997 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының құрылыс кешені бөлімінің маманы, 1997 жылы Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі, 1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 1998-1999 жылдары Тараз қалалық экономика және сауда бөлімінің бас маманы, 1999-2000 жылдары Тараз қалалық экономика бөлімінің бастығы, 2000-2004 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының жер қатынастары және әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің бас маманы, 2004-2005 жылдары Тараз қаласы әкімінің экономика бойынша кеңесшісі, 2005-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бастығы, департамент директорының орынбасары, 2012-2013 жылдары департамент директоры, 2013 - 2014 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.