• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Маусым, 2017

Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

94 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу бойынша Тұжырымдамасының 2013-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды.

ҚР энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі «Қалдықтарды басқару», «Су ресурстарын басқару» және «Жасыл» экономиканы іске асыру» бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстың аралық қорытындылары туралы баяндады.  

Сондай-ақ, отырыс аясында «Жасыл экономиканы» және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы С. Рахымбекова, «Kaz Waste» Қазақстандық қалдықтарды басқару бойынша қауымдастықтың атқарушы директоры В. Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина және басқалары сөз сөйледі.