• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2017

ВВС арнасы Жетісудың әсем табиғаты жайлы ролик түсірді

215 рет
көрсетілді

ВВС телерадиокорпорациясы Қазақстанға туристер тартуға арналған тағы бір бейнеролик түсірді, бұл жолы Алматы облысы таңдап алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

BBC Worldwide коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин өзінің Фейсбуктегі парақшасында:

"Өткен жылдың жаз айларында біз Қазақстанның Алматы облысында бірден бірнеше жобаларды түсірдік. Ондағы қоршаған ортаның көркемдігін бәрімен бөліскіміз келді. Алматы облысы жайлы өз көзімізбен көріп, аяғымызбен басқан жазық дала, ертегідегідей таулар, керемет көлдер мен тынысыңды кеңітетін таудан аққан тасқын сулар жайлы бүкіл әлемге көрсетілетін жарнамалық ролик түсірілімін аяқтағанымызға қуаныштымын», - деп жазды.