Тұрғындарға қауіп төнген сәтте батылдық танытып, өзгенің өміріне араша түскен 5 азаматқа қала басшылығы алғыс хат табыcтады. Сонымен қатар салтанатты жиын аясында 6 мемлекеттік қызметкер ант қабылдады. Қала әкімдігінің жаңа мамандарына «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов алғашқы қызметтік куәліктерін табыстады.
– Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің негізі, елдігіміздің белгісі. Бейбіт күнде көкте желбіреген туымыз, қара шаңырақ, ер қанатты тұлпар өрнектелген Елтаңбамыз бен шырқалған Әнұранымыз - Тәуелсіздіктің белгісі, – деді Әнурабек Мұхтарханов.
Сондай-ақ, бұл қала тұрғыны Өскемен қаласының ең биік нүктесі «Қазақстан» тауына жүгіріп шығу акциясы қатысты. Қала тұрғындары, спорт ардагерлері мен балалар қатысқан акция аbodyясында жалпы саны 300 адам қатысты.
Айта кетсек, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы аясында 2-4 маусым аралығында облыс бойынша 300-ге жуық мерекелік шара өтті.