• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бокс 05 Маусым, 2017

Левит пен Тищенко қайта кездесуі мүмкін

84 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов шәкірті Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың қай турнирде жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

«Левит пен Тищенко Германияда өтетін әлем чемпионатында кездесуі мүмкін. Жартылай финалда, бәлкім ақтық сында жұдырықтасып қалар», деді Мырзағали Айтжанов.

Қос боксшының арасындағы кездесу Рио-2016 Олимпиадасының басты оқиғасы болған еді. Төрешілер ұпай саны бойынша жеңісті ресейлік боксшыға берген. Мұндай шешім бокс әлеміндегі көптеген мамандардың наразылығын тудырды.

Айта кетейік, бокстан әлем біріншілігі Гамбурге тамыз айында өтеді. Левит бұл жарыстың жолдамасын жеңіп алған болатын.