ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан астанасынан шығатын халықаралық рейстерді ашу жалғасуда.
Қытайдың Air China әуе компаниясы Астана-Бейжің (Қытай) халықаралық жаңа әуе рейсі бойынша ұшуды бастады. Әуе рейстер Эйрбас-320 типіндегі әуе кемесімен аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Аталмыш рейсті ашуда Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қытай Халық Республикасының авиация билігі бірлескен жұмыстар атқарды.
Еске сала кетейік, осы аптада Астана әуежайы Варшавамен (Польша), Ереванмен (Армения) және Киевпен (Украина) тікелей әуе қатынасын орнатқан болатын.
«Егемен-ақпарат»