• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Маусым, 2017

Жаз мезгілін жаңа лагерьде өткізеді

400 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылғы 10 маусымнан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының Панфилов кентінде Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталықтары базасында шалғай орналасқан гарнизондарда тұратын әскери қызметшілердің балалары үшін «Жас сарбаз» әскери-спорттық жиыны ұйымдастырылады.

Жиын 12 мен 15 жас­тағы балалар үшін ұйым­дас­тырылатын болады. Лагерь­дің әрбір ауысымы 10 күнге созылады. Жи­ынға Гвар­дейск, Аягөз, Үшарал, Сары­­­өзек және При­озерск гар­низон­да­­рында тұратын балалар қа­­ты­сад­ы. Барлығы бес ауы­сым ұй­ым­­дастыру жос­пар­лануда.

«Жас сар­баз» әскери-спо­рт­- тық жи­ы­ны бағдар­ла­ма­сын­да мә­­де­­ни-тынығу және спо­рт­тық іс-ша­ралардың кең тү­рі жос­пар­лан­­ған. Олардың қа­та­рын­да Ал­ма­ты шаһарының кө­рік­ті жер­ле­ріне сая­­хат жасау, кон­церттік бағ­­д­ар­­ла­маларды, әр­түрлі ойын-са­у­ық байқауларын өт­кізу, ше­берлік сабақтарын өткізе отырып, АОСК-нің танымал олимпиадалық спортшыларымен кездесу де бар. 

Бұдан басқа, балалар үшін Пан­филов кентіндегі АОСК-нің оқу-жаттығу орталығына бір күн­­дік экскурсия жоспар­лан­ған. Ол жерде Қорғаныс министрлігі Ар­мия­­шы­лар­дың орталық спорт клу­бының білікті нұс­қаушылары ке­­дергілер жолағын еңсеру, әр­түр­­лі спорттық снарядтардағы жат­­ты­ғулар түрімен танысады. Сондай-ақ, арқан сая­ба­ғын­да скалодром мен пей­нт­­­бо­л­да­ғы сабақтар бойынша ше­берлік сабақтарын өт­кізеді.

«Егемен-ақпарат»