• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Маусым, 2017

Астанада «Method Pro» жобасының тұсаукесері өтті

136 рет
көрсетілді

Республика бойынша іріктелген 100 студент «Method Pro» жобасы аясында тағылымдамадан өтеді. Оларды жаз бойы тәжірибелі отандық және шетел мамандары оқытатын болады.

Бүгін Астанада «Method Pro» жобасының тұсаукесер рәсімі өтті. «Method Pro» бағдарламалау мектебінің бұл бастамасы студенттер үшін IT саласында тәжірибе алмасуға таптырмайтын мүмкіндік. Еліміздің эномикасын жаңғыртуды жүргізетін отандық кәсіпорындар мен компанияларға қолдау көрсетуді мақсат еткен бұл жобаға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры қолдау көрсетіп отыр.

Бағдарламалау мектебінің негізін салушылардың бірі Самат Есқазиевтің айтуынша, іріктеу турына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, Австралия сынды алыс шетелдің студенттерінен 8 мың ұсыныс келіп түскен.

– Біз бұған дейін де әр түрлі стартап жобалармен жұмыс істеген едік. Шетелдегі оқуымызды бітірген соң, бағдарламалау жобасын жасауды жөн көрдік. Бұл жоба тәжірибесіз студенттердің жұмысқа орналасу мәселесін реттейді. Іріктеу үшін арнайы сайт аштық. Іріктелген 500 өтініштен 100 студентті іріктеп алдық. Қазақстандық компаниялардың ақпараттық-коммуникативтік қызметтер рөлінің нығаюына оң әсер етеді, – дейді Самат Есқазиев.

Студенттер 12 маусым мен 9 шілде аралығында оқу-өндірістік тәжірибеден өтеді. Тамақ, жатын орынмен қамтылады. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің шақыртуымен құрама штаттың IT саласындағы білікті мамандары өз тәжірибесімен бөліседі.

Самат Есқазиев, Дагар Дәулетов, Нұрболат Қосамғұлов 2014 жылы студент бола жүріп,  «Method Pro» бағдарламалау мектебін құрған. Мектептен 3 жыл ішінде инфокоммуникация технология саласында 1200-ге жуық студенттер білім алған. Жиында сөз алған «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік», АҚ басқарма төрағасы М. Омаров, ҚазМУЗУ Жоғарғы Экономика мектебі деканы Дильбар Гимрановалар жобаның электронды және мобильді үкіметті одан әрі дамыту арқылы цифрлық үкіметті құру мақсатында  іске асырылып отырған жөнінде сөз сөйледі.

Ая ӨМІРТАЙ, «Егемен Қазақстан»