• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 06 Маусым, 2017

Алексей Ни: Ильин мен Чиншанло Токио Олимпиадасына қатысуы мүмкін

179 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің қайта тұғырға оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Одан бөлек, бапкер Зульфия Чиншанлоның Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімі бойынша Зульфия спорттан екі жылға шеттетілген еді. Жаза мерзімі 2016 жылдың 26 мамырдан басталады. Жазаның аяқталу мерзімі 2018 жылдың 10 маусымы. Ал Ильиннің жағдайына байланысты нақаты шешім шығарылған жоқ.

«Мен әлі күнге дейін Чиншанломен хабарласып тұрамын. Үнемі байланыстамын. Жаза туралы шешім шығарылғанға дейін біз Зульфиямен кездесіп, Токио Олимпиадасы туралы сөйлестік. Сол кезде ол егер Олимпиадаға қатысатын кішкентай мүмкіндік болса, сол мүмкіндікті пайдаланатынын айтты. Енді жаза мерзімі нақты белгілі болғаннан кейін ол спортқа қайта оралады. Илья Ильин туралы айтатын болсақ, оның жағдайы әлі белгісіз болып тұр. Егер Ильяда да мүмкіндік болса, ол да пайдаланары анық.

Ильинге қатысты әлі нақты шешім шығарылған жоқ. Мен оның ісіне байланысты отырыстың қашан болатынын да білмеймін. Бұл сауалмен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы айналысып жатыр. Егер Ильинді де екі жылға шеттететін болса, ол да Токиодағы Олимпиадаға қатысады деп ойлаймын», дейді Ни.

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоны екі жылға спорттан шеттетсе, Светлана Подобедованы сегіз жылға спорттан аластатқан еді. Жаза Лондондағы Олимпиада ойындарының допинг сынамасы тексеріліп, теріс нәтиже берілгеннен кейін, яғни 2016 жылдың 26 мамырында шықты.

Илья Ильин де осы допинг мәселесіне байланысты спорттан шеттетілді. Бірақ, оның нақты қанша мерзімге шеттетілгені туралы шешім шықпады.