• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2017

Мәртебе анықтау – жауапты жұмыс

387 рет
көрсетілді

Елімізде қолға алынған міндетті әлеуметтік ме­ди­ци­налық сақтандыру жүйесі шеңберінде тірк­ел­­м­е­ген, медициналық тұрғыдан сақтан­ды­рылмаған аза­маттарды кез келген емхана қабылдай алмайды. Сондықтан да қарапайым тұрғындар арасында түсініспеушілік туындауы мүмкін.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының мә­лі­ме­тін­ше, міндетті әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру жүйе­­­сін енгізу жұ­мыстары бас­тал­ғалы об­­лыс көлемінде бір­шама жұ­мыстар атқарылған. Бү­­гін­де облыста 38 арнайы каби­нет ашылып, міндетті әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру жүйе­сі жө­нінде 3452 азаматқа тү­сін­ді­ру жұмыстары жүр­гі­зілді. Облыс тұрғындарының МӘМС аясындағы мәр­те­­бе­сін анық­тау да маңызды мә­се­ле­­нің бірі. Еңбек жә­не х­а­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­ни­с­тр­лігі тара­пы­нан мәр­тебесі анық­тал­маған 393 613 облыс тұр­ғы­ны­ның ті­з­імі келіп түскен. Бұл облыс хал­қының 35,3 пайызын құрайды. Алайда об­­лыс­тық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағ­дар­ла­маларды үй­лестіру бас­қармасының басшысы Жо­ра­бек Баубеков отба­сының барлық мү­ше­лерінің мәр­те­бесін анық­тау мақсатында үй ша­руа­шы­лықтарын ара­лау бойын­ша белсенді жұмыстар жүр­гізілуде, дей­ді. Аталған жұ­мыстар нәтижесінде 393 279 адамның мәртебесі анық­талған. Дегенмен, Жамбыл облысында жұ­мыс істегенімен әлеу­меттік жарна аударымдары жоқ және өз бетінше жұмыспен қамтылғанымен тір­келмеген адамдар басым болып отыр. Мәселен, Та­раз қаласының өзінде 17 мыңнан астам адамның аударымдары жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ, Байзақ, Шу, Жамбыл, Меркі, Қордай және Талас аудандарында да осындай мәселелер бар.  Бүгінде бірқатар ел тойхана, дәмхана, дүкен сияқты орындарда жұмыс істеп, күн көреді. Ал бұл жекеменшік жұмыс болғандықтан, оған күнделікті келісілген ақшадан басқа ештеңе де төленбейді. Сондықтан да тұрғындардың арасында түрлі мәселелер туындайды. Айталық, Қордай, Бай­зақ, Меркі, Шу аудандарында барлығы 32842 адам тір­кел­меген. Сондай-ақ, нәтижесіз жұмыспен қам­тыл­ған­дар саны 97923 адамды құрап отырғанын да айта кет­кен жөн.  Елбасы айтқандай, мем­ле­ке­тіміз бүгінде әлем­дегі ең да­мы­ған отыз елдің қатарына кі­руде бәсе­ке­ге қабілетті болып отыр. Бұл тұрғыда барлық өңір­­­лерде тиісті жұмыстар ат­қа­рылуда. Ауылды жер­лер­де­гі азаматтардың мәртебесін анық­тау мақ­са­тын­да, компьютерлер алу үшін 180 миллион теңге бөлініпті. Егер әрбір отбасының әлеуметтік картасы жа­сақталып, тиісті мәліметтер базаға енгізілетін болса, ендігі жерде мәртебе анықтауда мәселе туындай қоймасы анық. 

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы