Ислам Кәрімов тұсында аса ықпалды шенеуніктердің бірі болған Рустам Әзімов премьер-министр орынбасарыы қызметінен босатылды.
Өзбекстан Президенті жарлығымен Рустам Әзімов «Өзбекинвест» экспорт-импорт ұлттық сақтандыру компаниясының басшысы болып тағайындалды.
Ал Өзбекстан Орталық банкі басшысы болып бұрынғы Қаржы министрі Мамаризо Нұрмұратов тағайындалды. Экономикалық реформалар және бюджет бойынша сенат комитетінің төрағасы болған ол 2006-2017 жылдар аралығында Орталық банк төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін орталық банкті 1991 жылдан бері басқарған Файзулла Муллажанов 67 жасқа қараған шағында мамыр айының соңында қайтыс болды.