• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2017

Джеки Чан: Қазақстанда кинематографиямен айналысуды бұрыннан армандайтынмын

296 рет
көрсетілді

7-8 маусым күндері Астанада қытай киноларының фестивалі өтеді. Аты аңызға айналған Джеки Чан шараның салтанатты ашылуына қатысу үшін Астанаға келді.

«Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның Қытайдағы елшісі қазақ елі туралы, оның әсем табиғаты мен табиғи бай ресурстары жайында айтқан болатын. Шынымды айтсам, Қазақстанға келуді әрі кинематографиямен айналысуды бұрыннан армандайтынмын. Осы мақсат-тілегімді жүзеге асыру үшін болашақта міндетті түрде Қазақстанға келуді жоспарлап отырмын, деді актер.

Қазақстандағы қытай киносының фестивалі 7 маусым күні сағат 16:00-де Қазмедиаорталығында өтеді. Бағдарлама бойынша Елорда кионтеатрларында 6 қытай фильмі көрсетіледі. 7-18 маусым аралығындағы мәдени шара ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі.