Жергілікті биліктің мәліметінше, тәртіп сақшылары үшінші жарылыстың алдын алып қалған.
Лаңкестікті ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымы өз мойнына алды. Айта кетерлігі, аталған ұйым алғаш рет Иранда террорлық акт ұйымдастырып отыр.
Террорлық әрекеттердің артынша лаңкес ұйым осы оқиғаның бейнежазбасын интернетте таратқан.
Иран ақпарат құралдарының мәліметінше, тәртіп сақшылары парламент ғимаратына жасырынған төрт лаңкестің көзін жойды. Қаза тапқан 12 адамның қатарына төрт лаңкестің қосылған-қосылмағаны әзірге белгісіз.
Интернеттегі бейнежазбада көрсетілгендей, әйел киіміндегі лаңкес ғимараттың негізгі есігінен кірген.
Ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл террорлық акт 1979 жылғы Ирандағы Исламдық революциядан бергі ең қанды оқиғалардың бірі ретінде тіркеліп отыр.