• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

ОҚО Түлкібас ауданында демалыс орны ашылды

1247 рет
көрсетілді

ОҚО Түлкібас ауданы, Керейт ауылында отбасылық демалыс орталығы ашылды.

 

Керейт ауылындағы отбасылық демалыс аймағы бір мезетте мың адамды қабылдай алады. Орталықта балалар демалыс орталығы, бассейн, қонақ үй, мейрамхана мен тапшандар орналасқан. 35 адам жаңа жұмыспен қамтылып отырған орталықтың құрылыс жұмыстарына 2 млрд теңге қаржы жұмсаған.

Демалыс орталығының ашылуында аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен мен орталықтың директоры А.Красненков сөз сөйлеп, аудан аумағында туризм кластерін дамыту мақсатында құрылған нысанның ашылуымен құттықтады.

Аспанмен амандасқан тау етегінде отырған ауданның табиғаты керім. Таудан құлап аққан бұлақтар мен саф ауа, қоңыр күзге дейін түсін бермейтін күреңсе бел отбасыңмен келіп демалып қайту үшін нағыз демлыс орны болады. Алда аптап басталады. Сондықтан, мұнда келушілердің қарасы көбейеді.

Бақтияр Тайжан,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.