Біріккен Араб Әмірлігі Оңтүстік Қазақстан облысымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырғысы келеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мәлім етті
Әмірлік кәсіпкерлері Шымкенттен қант зауытын салуға ұсыныс білдіріп отыр. Сонымен қатар оңтүстіктен тұрақты түрде тірі қой сатып алуға ниетті. Қос тарап кездесуде «Шымкент – Шарджа - Шымкент» бағытында әуе рейсін ашу жайын да талқыланды.
«Бүгінде екі ел арасындағы инвестициялық тартымдылық жоғары деңгейде. Осыны ескере отырып, Біріккен Араб Әмірліктері Оңтүстік Қазақстан облысынан қант зауытын салу жөніндегі ұсынысы өз күшінде екенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ араб елі өзге де салаларда қарым-қатынасты нығайтуды жоспарлап отыр», - деді елші Қайрат Лама Шариф.
Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы