Шаһар көшелерінің көркін кіргізген мүсіндерді Қарағанды облысының Жәйрем ауылында тұратын шебер Балташ Сырттанбеков өзінің шәкірттерімен бірлесе отырып жасап шыққан көрінеді. Терек пен қара ағаштан әзірленген мүсіндердің биіктігі екі метрге жуық.
«Аю – бұл шаһардың тұрғындарына таңсық емес. Қаланың маңын қоршаған қалың орманды мекен ететін тіршілік иесін риддерліктер әсіресе қыс кезінде жиі кездестіреді. Аюды Риддердің символы десе де болады. Сондықтан қала әкімдігімен ақылдаса келе шаһар көшелерінің ажарын аша түсейік деген ниетпен аю мүсіндерін орнатуды жөн деп шештік», дейді «Қазцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»