• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Маусым, 2017

Сағынтаев Люксембургтің Премьер-Министрімен аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады

124 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, инвестициялар, инновацияларды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, ведомствоаралық және іскерлік байланыстарды жандандыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Люксембург Ұлы Герцогтігінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын талқылады.

Бұдан өзге, аэроғарыш саласында, атап айтқанда ғарыш кеңістігіне ғылыми зерттеу жүргізу, ғарыш аппараттарын жасау және пайдалану, жерсеріктік байланыс және навигация аясында екіжақты байланысты нығайту мәселелері қаралды.  

Айта кетейік, Люксембург Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі емес. Алайда 2017 жылғы 10 ақпанда Люксембургтің Премьер-Министрі К. Беттельдің тапсырмасымен, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің әкімшілігіне Люксембургті қатысушы ретінде тіркеу өтінішімен хат жолданды.

Люксембург Ұлы Герцогтігінің көрмедегі Ұлттық күні 2017 жылғы 11 маусымда өтеді. 

10 маусымда Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельдің Қазақстанға жұмыс сапары аясында Астанада бұл елдің Құрметті консулдығын ашу жоспарланған.