• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Маусым, 2017

Футболдан Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

127 рет
көрсетілді

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Данияны қабылдап, 1:3 есебімен жеңілді.

Қос команда арасындағы матч Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтті. Кездесуде алғашқы гол 27-минутта соғылды. Ұрымтал сәтте Николай Йоргенсен қақпаны дәл көздеп, Дания құрамасын алға шығарды. Алғашқы таймның аяқталуына екі минут қалғанда Қазақстан капитаны Бауыржан Исламхан әуедегі допқа талас кезінде өрескел тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуылды.

Матчтың екінші таймы да жерлестеріміз үшін оңай болмады. 51-минутта айып алаңында Юрий Логвиненко Юссуф Поульсенді шалып жыққаны себепті 11 метрлік айып добы белгіленді. Бұл тұста Кристиан Эриксен мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 2:0-ге жеткізді.

76-минутта Қуат Исламбек қақпашымен жеке шығып, есеп айырмасын қысқарта білді. Осы голдың арқасында алаңдағы ойыншылардың да, стадионға жиналған жанкүйерлердің де бойында сенімділік пайда болған еді. Алайда, арада бес минут өтер-өтпес дат футболшылары басымдықты арттырып үлгерді. Матчтағы соңғы нүктені жас талант Каспер Дольберг қойды.