• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2017

Бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

121 рет
көрсетілді

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел тұрады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде таңертең және күндіз жел  15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.