• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 14 Маусым, 2017

Армрестлинг: Азия чемпионатында астаналық спортшылар жүлдемен оралды

253 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында армрестлингтен Азия чемпионаты өтті. Астананың намысын «Жігер» спорт клубы мен «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері қорғап, түрлі деңгейде 15 медальды олжалап қайтты.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальды қанжығалады. Ардагерлер атынан Әлімжанов Еркін екі бірдей алтынды ұтып алса, жастар арасында Қалмахан Әлібек пен Мұратов Әлижан чемпион атанды. Зеренханова Балжан күміс медальдың иегері. Мұратов Әлижан екі бірдей күмісті олжалады, ал Ади Абылайхан қола жүлдеге ие болды.

Жастар, қыз балалар, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттық жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Үнді, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінен 430 адам қатысты.