• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2017

Саябаққа мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажерлар орнатылды

177 рет
көрсетілді

Аз уақыт бұрын Астана әкімі Әсет Исекешовпен кездескен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандарға жаттығу құралдарын сыйға тартуды уәде еткен болатын.

Үшінші сектор уәдесінде тұрып, Астана орталық саябағына жаңа тренажерлар орнатты. Мұндағы басты мақсат - жаттығу құралдарына мұқтаж жандарға қолдау көрсету, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу.

Жарымжандарға арналған тренажерлерді астаналық есту, көру қабілеті жетілмеген жігіттер жасайды. Бұндай тренажерлерді спорт алаңдарына, демалыс саябақтарына, аулаларға орнату маңызды мәселе. Тегін орнатылған мына тренажерлар орталық саябақтың теннис корты аумағында орналасқан.