• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2017

Шетелдік қонақтан артық ақша алған тағы бір таксистің үстінен іс қозғалды

215 рет
көрсетілді

Астана қалалық ІІД Германия азаматын әуежайдан қонақ үйге жеткізгені үшін 19 мың теңге алған такси жүргізушісінің ісіне қатысты мәлімдеме таратты.

Полиция алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген. Сонымен қатар әуежай аумағында шет ел азаматын таксиге отырғызған делдалдың кім екені анықталып жатыр.

«Такси жүргізушісі тергеу барысында шет ел азаматын тұраққа әкеліп көлікке отырғызған адам 3000 теңге төлегенін айтты. Ол адам мейманмен бірге Қ.Сәтпаев көшесіндегі қонақ үйге де бірге келген. Шет елдіктің айтуынша, оны такси тұрағына әкелген адам 16 000 теңге сұраған. Қонақ үйге орналасқан соң ондағы қызметкерлер әуежайдан қонақ үйге дейін әрі кетсе 4000 болатынын айтқан соң неміс полицияға хабарласқан», — деп хабарлайды қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Қазір мәселенің мән жайын анықтау шаралары жүріп жатыр. Бұған дейін де қоғамдық резонанс тудырған осындай жайсыз жағдай болған. Ол кезде таксист Венгрия азаматын уағдалы жерге жеткізіп тастағаны үшін 40 мың теңге алған. Кейін жүргізуші ақшаны қайтарып берді.