Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында Қазақстанда экономиканың жаңа моделін енгізу мәселелері ортақ әңгімеге негіз болды. Тараптар экономиканы ырықтандыру, бизнес пен аграрлық секторды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, әр жобаның экономикалық тиімділігі тұрғысынан білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады. Сондай-ақ, Б.Сағынтаев пен С.Мюллер 2018 жылға жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды және 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Әңгіме барысында еліміздің транзиттік әлеуеті мәселесіне ерекше маңыз берілді. С. Мюллер Қазақстанның географиялық орналасқан жерінің тиімді екеніне назар аудара отырып, еліміздің транзиттік өткізу қабілетін арттыру қызмет көрсету саласына, қазақстандық тауарларды өткізуге және жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізетінін атап өтті.
Үкімет
•
15 Маусым, 2017
Транзиттік әлеуетті дамыту талқыланды
161 рет
көрсетілді
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Сирил Мюллермен кездесу өткізді.