• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Маусым, 2017

Қонақүйлер қол жетімді ме?

296 рет
көрсетілді

ЭКСПО көрмесі өтетін 93 күннің 17 күнінде елордаға туристер әдеттегіден көп келеді деп болжануда. Бұл – ауқымды мәдени бұқаралық шаралар өтетін күндер: Еуразиялық медиа форум, Димаш Құдайбергеннің концерті, ТМД елдерінің ең үздік командаларының КВН ойындары.

Астанадағы ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесінің алғашқы бес күнінде павильондарды 10 мыңнан астам турист аралады. Соңғы екі күніндегі нақты саны – 5670 турист. Бұл – бас қа­ладағы 180 қонақүйден алынған мә­лімет.  Қазіргі таңда елордада 197 қонақ­үй мен 91 хостел жұмыс істеп тұр. Со­ны­мен қатар, көрме қонақтарын орналас­тыратын 18 жатақхана қарастырылған. Олардың тәуліктік бағасы екі мыңнан бес мың теңгеге дейін. Жатақхана орын­дарын брондау үшін 8 (717 2) 277-815 немесе 8 777 772 05 06 нөмір­лері­не хабарласуға болады. Бұдан бөлек, меймандарға елорданың әр ау­дан­дарынан 10 мың қолайлы пәтер да­йын­далған. ЭКСПО-2017 көрмесіне келе­тін туристер қымбат қонақүй нөмір­лерін брон­дауда. Меймандар тара­пынан «бес» немесе «төрт жұл­дызды» қонақ­үйлерге сұраныс жо­ғары, ал арзанырақ бағадағы қо­нақ­үй, хостел, жатақханаларда орын көп.  Елорда әкімдігі қонақүй бағалары шетелдіктер үшін ғана емес, елдің әр өңірінен келетін қонақтарға да қол­жетімді деп санайды. Бағаның тез құбылуына жол бермеу мақсатында жалға берушілердің арнайы қауым­дас­тығы құрылған және http://тorlet.com платформа-сайты жұмыс істейді. Онда онлайн арқылы орын таңдап, брондауға болады.  Мәліметтер «Астана Конвенш Бюро» ЖШС-нен алынды

Әзірлеген  Асан ӘМЗЕБЕК