15 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.