• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Білім 15 Маусым, 2017

Атырауда 97 түлек "Алтын белгі" иегері атанды

236 рет
көрсетілді

Атырауда  «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Жыл сайын дəстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шараға мектеп бітіруші үздік оқушылар қатысады. Олар "Алтын белгілері" мен ерекше үлгідегі аттестаттарын облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолынан алды. Биыл облыста 97 оқушы "Алтын белгі" иегері атанып, 81 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді.

Шараға қатысқан аймақ басшысы үлкен өмірге аяқ басып отырған түлектерге ақ жол тіледі:

"11 жыл бойы аянбай етілген еңбектің, ұстаздар мен ата-аналардың тәрбиесінің арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыңыздар. Бүгін сіздерді үлкен өмір жолына шығарып салғалы отырмыз. Ақ жол тілеймін! Елбасының Жолдауында, стратегиялық құжаттарда көрсетілген Қазақстанның даму бағытына үлес қосатын жас ұрпақ -сіздерсіздер", – деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс əкімі білім беру жолында тер төгіп келе жатқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін тілге тиек етіп, алғыс айтты.

Биыл өңірде 4516 оқушы мектеп бітірді.  Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылардың  алаңсыз білім алуы үшін облыста 817 инертактивтік тақта, 111 мультимедиалық кабинет, 89 информатика кабинеті алынып жатыр. Бұған жергілік бюджеттен 1 милииард теңгеден астам қаражат бөлінген. Сонымен қатар, биыл аймақта 14 мектеп пен 11 балабақшаның құрылысы басталған.

Бақытгүл Бабаш, "Егемен Қазақстан". Атырау.