• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2017

Маңғыстаулық мектеп бітірушілер ауыр науқасқа шалдыққан Әминаға көмек берді

146 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-лицейдің 45 түлегі ораза айында қайырымды іс жасады. Олар мектеп бітіру кешінен бас тартып, өздері жинаған 400 мың теңге қаражатты ауыр науқасқа шалдыққан 11 жасар Әмина Тәуірбаеваға емделуі үшін тапсырды.

2015 жылы бойында қауіпті дерт бар екендігі анықталған Әмина уақыт өткізбей емделгенмен, соңғы кездері көру қабілеті күрт нашарлап кеткен. Үйінен білім алатын қызды туыстары мен ата-аналары қыркүйекке дейін Ресейге апарып, дәрігерлерге қаратып келуге бел буып отыр.

Әминаның әжесі Мәрияш қайырымды жастарға ризашылығын білдіріп, үлкен өмірге басқан қадамдарына сәттілік тілесе, түлектер рамазан айында мектепті сауапты іспен аяқтағысы келетіндіктерін, мектеп бітіру кеші болмағанмен, достарымен бірге әлі талай кештердің өтетіндігіне сенімділік білдірді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»