• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Парламент 16 Маусым, 2017

Жұмыс бабында жүздесті

152 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Риксдагының (Парламенті) Төрағасы Урбан Алинмен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлайды осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев екіжақты қаты­нас­тардың қарқынды сипатын атап өтті. Сенат Төрағасының пікі­рінше, Президент Н.Назарбаев­тың биылғы қазан айындағы Сток­гольмге жоспарланған сапары екі ел арасындағы, әсіресе, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты жаңа сапалық деңгейге шығарады.  Швеция инновациялық жобаларды іске асыруда әлемдік көшбасшылардың қатарында. Қ.Тоқаев осыған байланыс­ты біздің аумаққа жоғары техно­ло­гиялық өндіріс әкелуге дайын швед компанияларының қазақстандық нарыққа келуіне мүдделілігін білдірді. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы Швецияның жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі тәжірибесі Қазақстанға керек болуы ықтимал, деп санайды.  Қ.Тоқаев Швеция Парламенті Қа­зақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріп­тестік пен ынтымақтастық туралы келісімді бірінші болып рати­фициялағандардың бірі екенін атап өтті. Бұл құжат біздің өзара қа­тынастарымызда жаңа тарау болып отыр. Еуропалық  Одақ  Ас­тананың сауда-экономика және инвестиция саласында жетекші әріптестерінің бірі екені белгілі.  У.Алин екіжақты байланыс­тарда парламентаралық үнқа­ты­су­дың ерекше орын алатынын атап өтіп, швед тарапының Қазақстанмен жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге ықыласын растады.