• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2017

«Жаңғырудың негізі – тұрақтылық. Бірлік. Келісім»

380 рет
көрсетілді

Атырауда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті

«Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарында құрылған қо­ғамдық институт жұмы­сы­ның нәтижесі – еліміздегі ке­л­ісім, бірлік, тұрақ­ты­лық». Атырау облыстық Қазақстан халқ­ы Ассамблеясының XXI сес­сиясында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев осылай деді.  «Ел өміріндегі аса маңызды бағдарламаларды орындауға Ассамблея толыққанды қаты­са алады. Мемлекет бас­шы­­сы­ның мақаласындағы не­гізгі мін­дет­терге назар ау­­да­р­сақ, олар қо­ғам­ның сана­сын жаңғырта отырып, ел дамуын жаңа сапалық дең­гейге көтеруді көздейді. Ұл­тын сүйіп, ұлт тағдырын өз тағды­ры­мен байланыстыратын әр азамат бұл міндеттерді атқаруға жұмы­ла кіріседі деген сенімдеміз. Ал­ды­мыз­да ауқымды міндеттер тұр. Ұл­тымыздың XXI ғасырдағы руха­ни жаңғыру стратегиясы атанған Ел­басының бағ­дарламасын орындауда Ассамблеяға зор үміт артылып отыр»,  деп атап өтті об­лыс әкімі.  «Жаңғырудың негізі – тұ­рақ­тылық. Бірлік. Келісім» та­қы­ры­бымен өткен жиында Елба­сы­ның «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында айтыл­ған мін­дет­терді іске асыруға Ассам­блеяның қатысуын ұйым­дас­­тыру және Қазақстан халқы Ассам­блеясының XXV сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау жайы сөз болды.  Елбасы мақаласында ба­ян­­дал­ған мәселелерді жүзе­ге асыру мақсатында облыста жұмыс тобы құрылды. Қазір барлық ауылдар мен аудандарда тарихты зерттеу, өңірден шыққан танымал, табыс­ты адамдардың тізімін жасау, олардың жеткен жетістіктерін насихаттау, өзге елдегі қандастармен жүйелі байланыс орнату секілді жұмыстар жаса­лып жа­тыр. Сондай-ақ, облыс мек­тептерінде факуль­та­тивтік курс ретінде «Өлке­тану» пәні ен­гізіледі.  Аймақтың мә­дени орын­­дары мен тари­хы туралы к­ітап­шалар шы­­­ғарылады.  Тарихи ес­кер­­ткіштерді жаңғыртып, қа­ла инфрақұрылымын дамыту ба­ғы­тындағы әлеуметтік жоба­лар­дың тізімін жасау, түрлі акциялар мен мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек беру, туристік карта жасау да жоспарда бар.  Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұл міндетті іске асыруда, аза­маттарды туған жеріне қам­қор­лық танытуға ынталандыруда Ассамблеяның рөлі ерекше деді.  Жиында облыстағы этно­мә­дени бірлестіктер мүшелері мен кәсіпкерлер, жауапты қыз­мет­керлер сөйлеп, ұсыныс-пі­кір­лерін айтты.  «Таврос» армян этномәдени бір­лестігінің мүшесі Грета Арутюнян Елбасы мақа­ла­сында жастарға үлкен міндет жүктелгеніне, соның ішінде ұлт­тық құн­дылықтарды сақ­тап, жан­дандыруға баса назар аударылғанына тоқталды.  «Қам­қор» бағдарламасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қа­натының мү­ше­лері ардагерлермен кездестік. Бізге әсі­ресе «Мирас» туристік-өл­­­кетану клубының негізін са­­лу­шылардың бірі Вячеслав Афанасьевпен танысу әсерлі болды. «Қамқор» акциясы арқылы біз «Мирас» клубын қайтадан жан­дандырып, ма­териалдық-тех­никалық ба­засын жаңартуға, өлке­міз­дегі тарихи орындарға саяхат ұйым­дастырып, ата-бабамыздан қал­ған бай мұрамен танысуға жұ­мыстанғымыз келеді», деді ол.  Ал «Тхоньил» корей этно­мә­дени бірлестігінің мүшесі, Х.Дос­­мұхамедов атындағы Аты­рау мемлекеттік уни­вер­ситеті Қазақ­стан халқы Ассам­блеясы инс­титутының жауапты хатшысы Вера Шин: «1939 жылғы депорта­ция салдарынан Қазақстанға 96 453 корей халқы күштеп көшірілді. Қан­шама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді ба­сы­нан өткерген қазақ халқы тағ­дырлас корей халқының жан жарасын тереңінен түсі­ніп, бауырына басты. Міне, сонау зұлмат кезеңдерге де 80 жыл болды. Сол уақыттан бері корейлерден бірнеше ұрпақ тарады, олар осыншама ыстық ықылас пен аса мейірбандылық танытқан қазақ жұртының, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп жүрген, кез келген салада өзіндік үлесі бар ел аза­маттары болып отыр. Олардың ұр­пақтары бүгінде Қазақстанды өз Отаны санайды. Қазақ халқына дег­ен ризашылығын білдіру мақ­са­тында «Тхоньил» этно­мә­дени бір­лестігі Атырау қала­сында ескер­т­кіш-монумент қоюды жоспарлап отыр», деп атап өтті.  Жиында бірлік пен тұ­рақ­ты­лық­ты нығайтуға, Қазақстанның әлеу­меттік-эко­номикалық және қо­ғам­дық дамуына үлес қосқан бір­­қатар азаматтар Қазақстан хал­қы Ассамблеясының және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

Атырау