Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебаева Оңтүстік Корея өкілі Эн Жду Хванды 5:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бүгін, 9 сәуірде Марал Тәңірбергенова (50 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 келіге дейін) қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Бүгін бозкілемге кімдер шығады?