• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Кино 19 Маусым, 2017

«Ең сұлу қыз» экранға шығады

273 рет
көрсетілді

Режиссер Қанағат Мұстафин «16 қыз» комедиялық фильмінің жалғасы іспетті «Ең сұлу қыз» картинасын түсіріп жатқанын бұдан бұрын айтқан болатынбыз. 21 күнде түсірілім жұмыстарын толық аяқтаған шығармашылық топ енді монтаждау жұмыстарына кірісті. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіріп шықты.

«Жаңа фильмнің құрылымы мен стилистикасы туралы айтатын болсақ, бұрынғы «Кавказская пленница» және «Бриллиантовая рука» сынды әйгілі кеңестік фи­льмдерді еске түсіреді.  «16 қыз» фильмінде негіз­гі оқиға Бауыржан (Берік Айт­жанов) мен Айжанның (Аша Матай) арасындағы роман­ти­ка­лық шытырман махаббатқа құры­лған болса, бұл жолы «үй­лен­бейді» деп 5 мың теңгеге бәс тігіп жүретін Саматтың (Қуаныш Долдаев) өзін үйлен­ді­ру жолындағы машақатқа толы сю­жеттер желісі жылжиды. Оның ғашығы Ләйланың, құ­мы­­ра ұрлығын зерттеп жүрген по­лицейдің және антиквариатты қолға түсіруді көздеп жүрген бұзақылардың шым-шытырыққа толы хикаясы көрсетіледі. Қанағат Мұстафин осы жол­ғы фильмнің де сценарийін өзі жаз­­ған. қатал да әділ ре­жис­сер «Ең сұ­лу қыз» кино­кар­­ти­на­сы­ның елеулі жаңа­лық­та­рымен бөлісті.  «Кино түсіргенде көрерменге бұрыннан таныс актерлерді шақырасың деп сынайтын. Бұл жолы басты рөлдерді Әсел Асқар мен Қуаныш Долдаев сынды жас актерлер ойнап шықты», дейді режиссер. Режиссердің айтуынша, бұл жолы фильмнің музыкасына ба­са мән берілмек. Мысалы,  фи­льм саундтрегі ретінде «16 қыз» халық әнін Қазыбек Қасым ағыл­шын тілінде орындайды. «Бұл ха­лық арасына кең таралған әнді өзгеше қырынан таныту» деп түсіндірген режиссер фи­льм­нің прокатқа шығару ісіне де тоқ­талып өтті. – «Шешенфильм» бізге бір­ле­сіп фильм түсіру жөнінде ар­­найы ұсыныспен шықты. Жаңа тәжірибе өзімізге де қы­зық көрініп, бастапқыда фи­ль­мді Грозныйда түсірмек бол­ған­быз. Алайда, шығын көп бола­тынын ойлап, «Көк-Төбе» сая­ба­ғы, «Сұнқар» шаңғы трамплин­дер кешені, «Медеу» си­яқты Алматының ең көрікті жер­ле­рін­де түсірдік. Бұйырса Сол­түс­тік Кавказда, Ресейдің шағын қалаларында да прокатқа шықпақ. Шешен тіліне дубляж жасауды се­рік­тесіміз өз жауапкершілігіне алып отыр, – дейді режиссер Қанағат Мұс­тафин. Продюссер Айдархан Әділ­ба­ев­тың айтуынша, фильм бюд­жеті «16 қыз» фильміне жұмсалған қаражатпен шамалас (400 мың АҚШ доллары). Оның сөзінше, «16 қыз» фильміне кеткен шығын бір жыл ішінде толық өтелген.

Ая ӨМІРТАЙ, «Егемен Қазақстан»