• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2017

Түрік министрімен кездесті

139 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы осы елдің Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчимен кездесті, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы елшілігі.

Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың, соның ішінде екіжақты сауданы арттыру бойынша кеден органдарының орны мен маңыздылығы жөнінде сөз болды. Кеден саласы бойынша ынтымақтастықты ілгерілетуге қатысты екіжақты жоспарлар да талқыланды. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жол­даудың негізгі басымдығы тура­лы хабардар еткен елші өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейде жалғасып келе жатқанын, кеден саласындағы ынтымақтастықтың көпжақты және екіжақты тұғырнаманың негізінде жүргізіліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркияның кеден органдары ара­сындағы ынтымақтастықтың басты бағыттары бойынша екіжақты сауда саласындағы тауарларға қатысты алдын ала ақпараттармен алмасу, уәкілетті экономикалық операторларды таныстыру және тәжірибе алмасу мәселелеріне назар аударды. Өз кезегінде, министр Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған көреген саясатына жоғары баға беріп, Қазақстанның Орта­лық Азия өңіріндегі Түркияның басты саяси және экономикалық әріп­тесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, екі мемлекеттің кеден органдарының Жібек жолы және Керуен сарай жобалары бойынша өзара ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталды. Екі ел арасында келісілген ортақ жобалардың іске асуына мүдделі екенін жеткізді. Түркияның Кеден және сауда ми­нистрі Б.Түфенкчи елші А.Сапар­бек­ұлын жаңа қызметімен құттықтап, жүрекжарды тілектестігін білдірді.