• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2017

алматылық 168 отбасы баспаналы болды

125 рет
көрсетілді

Биылғы жаз бірқатар алматылық үшін табысты болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй кезегінде тұрған 168 отбасы Атлеттер ауылында салынған су жаңа баспананың иесі атанды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек қуаныш иелерін құттықтап, пәтер кілтін өз қолымен табыс етті. Баспаналы болғандардың қа­тарында мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекет және бюджет қызметкерлері, әскери саланың мамандары бар. Жаңа үйдің ие­лері атанған тұрғындардың қуа­нышында шек жоқ. Аталған қалашықта тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.  14 тұрғын үй орналасқан Атлеттер ауылының кешені 23 гектар аумақты алып жатыр. Оның айналасы заманауи бейнебақылау жүйесімен, өрт қауіпсіздігімен толық қамтылған. Халыққа қызмет көр­сету орта­лы­ғы, емхана, су­пермаркет, сұлу­лық са­лоны, банк және почта бө­­лім­­­­шесі, полицияның ті­рек пункті жұмыс істеп тұр. Жа­ңа қоныстанушылар үшін «Ал­ма­ты арена» спорт кеше­ні­нің сек­цияларында жаттығу жасау үшін толық мүмкіндік бар. Соңғы 5 жыл ішінде Алма­тыда 10 мыңнан астам пәтер үлес­­­тірілген. Ағымдағы жыл­­­­­дың аяғына дейін тағы да 4,5 мың пәтер өз иесін тау­ып, кезекте тұрған әрбір төр­­тін­­­ші отбасы баспаналы бол­мақ.  – Атлеттер ауылында қазіргі кезде 1748 пәтер бар. Тұрғын үй басқармасы тұр­ғын үй комиссиясының сүз­гі­сінен өткен 1655 пәтер ие­лерінің тізімін жіберді. Жалға беріліп, кейін сатып алатын 900 пәтер иелерімен келісім жасалды. Қазіргі кезде қалада тұрғындарға пәтер бөлу шешімдерінің барынша ашық жүруі үшін қажетті шаралардың барлығы жасалуда. Пәтер кезегінде тұру, оның жылжуы тек электронды режімде жүргізіліп, электронды үкімет порталында жүзеге асады. Сонымен қатар, алғаш рет кезектің электронды инвента­ризациясы енгізілген, яғни ке­зекте тұрғандар жыл сай­ын Тұрғын үй басқармасына кел­мей-ақ дистанциялық жүйе ар­қылы өзіне қатысты мә­лі­метті біле алады. Бұлардан өз­ге, адами факторсыз, кезекте тұр­ғандар арасында автоном­ды кесте арқылы пә­тер бөлу те­тігі де жыл аяғы­на дейін ен­гізіледі. Оның үс­тіне, Ат­лет­­тер ауылындағы пә­тер­лер­ден үміт­керлер тізімі Ал­ма­ты қа­ла­сының прокуратурасымен келісілген, – дейді жауапты мамандар.  Бір айта кетерлік жайт, аталмыш тұрғын үйлер орналасқан Алатау ауданы қала тұрғындары мен қонақтары қызығатын ерекше заманауи елді мекенге айналып келеді. Аудан құрылғалы бері тұрғындар саны 1,5 есеге артып, 200 мың адамға жетті. Сегіз жыл ішінде жаңа ауданды дамытуға қала бюджетінен 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ