Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі Астана туралы үздік материал байқауын келесі номинациялар бойынша жариялайды: БАҚ баспасөздегі үздік мақала, телеарнаның үздік сюжеті және интернет ресурстағы үздік материал.
Байқауға 2017 жылы жарияланған материалдар қатыса алады. Өтініштер 20 мен 26 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаздар Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтің төрағалығымен арнайы комиссия анықтайтын болады.
Жеңімпаздарға қала әкімі атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталады. Қызығушылық танытқан барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз жұмыстарын 7782597@inbox.ru электронды поштасына жібере алады.