Астанада өтетін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы отырысы аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Шеврон» атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz
Кездесу барысында Теңіз кен орнын кеңейту жобасы талқыланды. Тараптар аталған жоба Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, сондай-ақ ТШО-ның барлық серіктестеріне оң мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.