Бұл тұрғыдағы мәселе Парламентте тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тарихи декларация қабылданған сәтте қоғамда белсенді талқыланған болатын. Бұл ұсыныс өте заңды еді.
Тарихты зерделесек, жаһандық кеңістікте елінің дамуына ерекше үлес қосқан белгілі тұлғалар есімін маңызды нысандарға беру үрдісі бұрыннан қалыптасқан. Оның негізінде сол елдің тарихи бейнесі айшықталатыны хақ. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз Қазақстанды Сарыарқа төсіне орнатып, оның атын бүкіл әлемге паш еткізген Президентіміздің еңбегі ұшан-теңіз.
Әрбір елдің елдігін танытатын орыны ол – әуежай қақпасы. Халықаралық стандарттарға сай салынған Астана әуежайына да күн сайын әртүрлі шартараптан меймандар келіп жатыр. Сондықтан дара жолдағы әмбебап қақпаның маңызына терең бойласақ, оның тамыры тереңде жатыр. Оның аясы да аумағы да өте кең. Сондықтан елдігімізді, кемел тарихымызды бүкіл әлемге танытқан Елбасымыз есімін сан ұлт атбасын тірейтін Астана халықаралық әуежайына беруі өте ұтырлы әрі дер мезгілінде қабылданған шешім деп білемін.
Мұрат Бақтиярұлы,
Парламент Сенатының депутаты