• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 10:30

Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі

20 рет
көрсетілді

Алматыда ауқымды инфрақұрылымдық жоба – халықаралық әуежайды жаңғырту жұмыстары қарқын алғандықтан өткізу қабілеті артып, сервистік деңгейі жаңа сатыға көтеріледі. Horizon жобасы шеңберінде жүзеге асып жатқан бұл бастама әуежайдың келбетін түбегейлі өзгертеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың мәліметінше, жоба 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспарға негізделген. Соның нәтижесінде терминалдар жаңғыртылып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарады.

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – ішкі рейстер терминалының өткізу қабілетін арттыру. Қазіргі 3 млн жолаушыдан 7 млн жолаушыға дейін ұлғайту жоспарланған, яғни көрсеткіш екі еседен аса өседі. Сонымен қатар, 1500 орындық жабық көпдеңгейлі автотұрақ салынып, такси аймағы ретке келтіріліп, іргелес аумақ абаттандырылып жатыр.

Бүгінде жұмыстар 2028 жылға дейін жалғасатын бірінші кезең шеңберінде жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 362 млн долларды құрайды.

Әкім орынбасарының айтуынша, қазірдің өзінде бірқатар маңызды өзгеріс енгізілген. Терминал аймақтары жаңартылып, терминал мен автотұрақты жалғайтын жаяу жүргіншілер өткелі салынды, ішкі CIP-терминал іске қосылып, әуежай маңы көркейтілді. Бұл жолаушылар үшін қолайлылық деңгейін едәуір арттырды.

Ал бірінші кезең шеңберінде жүзеге асатын негізгі жұмыстардың бірі – ішкі рейстер терминалын толық жаңғырту. Бұл жұмыс 2026 жылғы 11 шілдеде аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, жүк қабылдау және сұрыптау жүйесінің мүмкіндігі екі есеге артады, ұшақтардың қозғалысына арналған жаңа жолақтар салынып, заманауи мұзға қарсы өңдеу алаңы іске қосылады.

Алматы әуежайы заманауи хабқа айналады

Бұдан бөлек, әуе кемелеріне қызмет көрсету инфрақұрылымы жаңартылып, өндірістік, қоймалық және әкімшілік нысандар салынып жатыр. Бұл әуежайдың халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Әуежай маңындағы қызмет көрсету жүйесі де кезең-кезеңімен дамиды. 2027-2028 жылдары транзиттік жолаушылар мен экипаждарға арналған жаңа қонақ үй кешенін салу жоспарланған. Сонымен қатар, көлік және автотұрақ инфрақұрылымы жетілдіріледі.

Жаңа жобалардың бірі – көпдеңгейлі автотұрақ, оның нәтижесінде тұрақ орындарының жалпы саны 2275-ке дейін жетеді. Бұл жолаушылар үшін қауіпсіздік пен қолайлылықты арттырады.

Авиациялық инфрақұрылыммен қатар, қалада цифрлық жобалар да іске асырылып жатыр. Соның ішінде «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде заманауи деректерді өңдеу орталығы салынады. Бұл нысан халықаралық стандарттарға сай болып, 480 серверлік тірек орнатуға және 130 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды

Жалпы, жаңғырту жұмыстарының басты мақсаты – өткізу қабілетін арттыру, қауіпсіздікті күшейту және қызмет көрсету сапасын жақсарту. Осылайша, Алматы әуежайын кезең-кезеңімен халықаралық деңгейдегі ірі авиациялық хабқа айналдыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар