• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:48

АҚШ пен Мексика шекарасынан есірткі тасымалдауға арналған құпия туннель анықталды

АҚШ пен Мексика шекарасында ұзындығы шамамен 600 метр болатын жасырын туннель анықталды. Тергеу барысында төрт адам ұсталып, құны 45 миллион доллардан асатын бір тоннадан астам кокаин тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ құқық қорғау органдары бірнеше айға созылған арнайы операция нәтижесінде Сан-Диего қаласының Отай-Меса ауданы мен Мексиканың Тихуана қаласын жалғаған жерасты туннелін анықтады.

Тергеу мәліметінше, туннельдің ұзындығы шамамен 600 метрді құрайды және ол есірткі заттарын заңсыз тасымалдау үшін пайдаланылған болуы мүмкін.

Шетелден есірткі тасымалдаған әйел бас бостандығынан айырылды

Арнайы операция барысында төрт күдікті қолға түсті. Сонымен қатар құқық қорғаушылар бір тоннадан астам кокаин тәркілеген. Сарапшылардың бағалауынша, оның қара нарықтағы құны 45 миллион доллардан асады.

Күдіктілерге есірткі контрабандасы және заңсыз трансшекаралық туннельді пайдалану баптары бойынша айып тағылды. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

АҚШ билігі бұл операцияны өңірдегі есірткі тасымалына қарсы күрестегі маңызды жетістіктердің бірі деп бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар