• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 13:25

Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейстері ашылды

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе қатынасы кеңейіп келеді. 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Астана мен Ұлан-Батыр қалалары арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді Қазақстан астанасы мен Моңғолияның бас қаласы Ұлан-Батыр арасында тұрақты әуе қатынасы жолға қойылды. Жаңа бағыт бойынша рейстерді SCAT әуе компаниясы жүзеге асырады.

Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Рейстер заманауи Boeing 737 MAX әуе кемелерімен орындалады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бағыт халықаралық маршруттар желісін кеңейту және рейстер санын арттыру жөніндегі жұмыстар аясында ашылып отыр.

Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейсі ашылады

Сонымен қатар Алматы мен Ұлан-Батыр арасындағы әуе қатынасы да жалғасып келеді. Бұл бағытта моңғолиялық Hunnu Air компаниясы қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта рейстер аптасына үш рет орындалса, 6 маусымнан бастап олардың саны төртке дейін көбейеді.

Осылайша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екі бағыт бойынша апталық рейстер саны алтыға жетеді. Олар – Астана – Ұлан-Батыр және Алматы – Ұлан-Батыр бағыттары.

Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе қатынасының кеңеюі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ туризм мен іскерлік сапарлардың артуына ықпал етеді.

Жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы рейстерін қабылдады

Бұған дейін VietJet Qazaqstan компаниясы жазғы туристік маусымда Астанадан Балқаш, Үржар және Үшарал бағыттарына субсидияланатын ішкі рейстер ашатынын хабарлаған болатын.

 
Соңғы жаңалықтар