Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген Kazakh Tourism Development Ltd компаниясы директорлар кеңесінің отырысында Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. Аталған компанияның бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty Superski жобасын жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жиында жобаның негізгі нысандарын жобалау және салу мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, ашық конкурс шеңберінде аспалы жолдар салу, ғимараттардың конструкциялық жобалануы және өзге де бағыттар бойынша халықаралық жетекші компаниялар айқындалды. Осылайша, Almaty Superski жобасы дайындық кезеңінен нақты жүзеге асыру сатысына өтті.
11 аспалы жолдың құрылысын қамтитын жұмыстар кешенін орындауға мердігер анықтау мақсатында аспалы жол өндірушілері арасында ашық конкурс өткізілді. Халықаралық PGI, Hill International және DCSA кеңесшілері тәуелсіз бақылау жүргізді.
Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді дамытудың үлгісіне айналуға тиіс
Таңдау – француз компаниясына түсті11 заманауи аспалы жол салу үшін аспалы көлік жүйелерін жобалау, өндіру және пайдалану саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – POMA француз компаниясы таңдалды. Компания 1936 жылдан бері жұмыс істеп келеді және әлемнің 90 елінде 8 мыңға жуық жобаны жүзеге асырған. Компанияның технологиялық шешімдері әлемдегі жетекші тау шаңғысы курорттары мен қалалық көлік желілерінде кеңінен қолданылып, қауіпсіздік, сенімділік және экологиялық тұрақтылық саласындағы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Almaty Superski жобасы аясында 3S жүйесіндегі гондолалы аспалы жолдар, 10 орындық гондолалы желі және креслолы көтергіштер секілді түрлі типтегі аспалы жолдар салу жоспарланған.
Канада компаниясымен ынтымақтастықЖобада халықаралық сәулет бюросы Foster + Partners әзірлеген тұжырымдаманың маңызды элементі болып саналатын заманауи ағаш конструкцияларды пайдалану көзделген. Конструкцияларды жобалау мен өндірудің сапасын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлем бойынша бірегей нысандарды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар жаппай ағаштан жасалған инженерлік шешімдер саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі StructureCraft (Канада) компаниясымен ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.
Жобаны басқаруды шоғырландыру үшін құрылысты дайындауға және кейіннен жүзеге асыруға Hill International (АҚШ) компаниясы тартылды, ол жобалауды, құрылысты үйлестіруді, жұмыс кестесін сақтауды және тағы да басқаларын қамтамасыз етеді.
Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты
Премьер-министрдің бірқатар тапсырмаларыОтырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов жобалау мерзімі мен сапасына қатаң бақылауды, қауіпсіздік пен экологиялық жауапкершіліктің халықаралық стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Almaty Superski жобасын жүзеге асыру тау кластерінің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, туристік саланың дамуына елеулі серпін береді және қызмет көрсету саласы мен сабақтас салаларға кең мультипликативтік әсер етеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді әрі қауіпсіз туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық берілген.
Бекітілген кестеге сәйкес алаңда құрылыс жұмыстары басталды. «Almaty Superski» тау шаңғысы курортының іске қосылуы 2028 жылғы желтоқсанға жоспарланған.