• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 18:55

Депутат Қытай көліктері үшін Қазақстанға ақылы кіру жүйесін енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы Премьер-министрге шетелдік көліктерге қойылатын талаптарды теңестіру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық жүргізушілер Қытай аумағына кірген кезде уақытша әкелу рәсімі, жүргізуші куәлігін рәсімдеу, көлікті тіркеу, мемлекеттік нөмір алу, сақтандыру, құжаттарды аудару, нотариаттық қызметтер және бақылау секілді онға жуық ақылы рәсімнен өтеді. Мұның жалпы құны шамамен 560 мың теңгені (8-9 мың юань) құрайды.

Ал Қытай көліктері Қазақстанға негізінен тегін және барынша жеңілдетілген тәртіппен кіріп жатыр.

Гибрид көліктерге салынған қосымша салық: Депутат шенеуніктерді жауапқа тартуды сұрады

Депутаттың мәліметінше, 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанға 8 мыңнан астам қытайлық автокөлік кірген. Егер оларға да осындай талаптар қолданылғанда, бюджет пен қызмет көрсету инфрақұрылымы қосымша шамамен 5 миллиард теңге табыс табар еді. Бұл қаражатты шекара және кеден қызметкерлерінің шығындарын өтеуге бағыттауға болады.

«Бұл туризмді шектеу туралы мәселе емес. Әңгіме құқықтық теңдік, қауіпсіздік және мемлекеттік шығындардың орнын толтыру туралы», – деді Болатбек Нәжметдинұлы.

Ол Үкіметтен шетелдік көліктерді кіргізуге жұмсалатын мемлекеттік шығындарды талдауды, уақытша тіркеу мен мемлекеттік нөмір беру мәселесін қарастыруды, сондай-ақ Қытай тарапының талаптарына сай келетін теңгерімді тетік әзірлеуді сұрады.

Соңғы жаңалықтар