Маусым айында еліміздің бірқатар аумағында құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мекеме алғашында 12 өңірде құрғақшылық болуы ықтимал деп болжағанымен, кейін бұл тізім біршама қысқарған. Қазіргі болжамға сәйкес, қолайсыз ауа райы мына аудандарда байқалуы мүмкін:
Ақтөбе облысы – Шалқар ауданы Алматы облысы – Балқаш ауданы Жетісу облысы – Каратал ауданы Қызылорда облысы – Арал және Қазалы аудандарыСиноптиктердің айтуынша, еліміздің қалған аумақтарында ылғалдылық деңгейі климаттық нормаға сай болады деп күтіліп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құрғақшылық болуы мүмкін аймақтарды атаған еді.