Сот Нұрсұлтан Ісембайұлын Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Азаматтық талап-арыз ішінара қанағаттандырылды: жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын және 1,5 миллион теңге сот шығындары өндірілді.
Алматы вагон депосының директоры жемқорлық ісі бойынша ұсталды
Бұған дейін Ісембайұлы жер телімдеріне қатысты алаяқтық ісі бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен ақталған болатын. Алайда прокуратура кассациялық тәртіппен істі қайта қарауға қол жеткізді.
Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін