Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан мен Кипр арасында қандай құжаттарға қол қойылды?
Президенттің айтуынша, мемлекеттеріміз ықпалдастықты одан әрі бекемдей түсуге ниетті. Бұл – тараптар мүддесіне сай.
«Кипр Республикасының басшысы осы оң үрдіске зор үлес қосып келеді. Мен мұны жоғары бағалаймын. Сол себепті бүгін Жоғары мәртебелі Президент Никос Христодулидис мырзаға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырдым. Бұл награда – қазақ елінің Сізге және бүкіл Кипр Республикасының халқына деген ерекше құрметінің, шынайы ілтипатының белгісі. Құтты болсын! Елдеріміздің өзара серіктестігі нығая береді деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, бүгін Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис елімізге ресми жұмыс сапарымен келді. Президент мәртебелі мейманды Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алды. Екі ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Кипр Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.