• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 21:05

Жаз маусымында қосымша төрт тальго пойызы жолға шығады

Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымға сұранысқа ие бағыттар бойынша төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz

2026 жылғы 18 маусымнан бастап Ұлттық тасымалдаушы №254/253 «Нұрлы жол – Достық», №211/212 «Алматы-2 – Достық», №207/208 «Алматы-2 – Достық», №231/232 «Алматы-2 – Семей» бағдарлары бойынша қосымша Тальго пойыздарын тағайындайды.

Бұл шара өңірлердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жазғы демалыс кезеңінде жоғары сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.

1. №254/253 «Нұрлы Жол – Достық» пойызыПойыз 2026 жылдың 22 маусымынан 31 тамызына дейін аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері жүреді. Құрамында 27 вагон қарастырылған. Пойыз 344 жолаушы орынға арналған, оның ішінде мобилділігі төмен жолаушыларға арналған арнайы купе бар.Пойыз кестесі:Нұрлы жол станциясынан жөнелту – 17:32;Достық станциясына келуі – 16:20;Достық станциясынан жөнелту – 18:30;Нұрлы жол станциясына келуі – 20: 25.

2. № 211/212 «Алматы – 2-Достық» пойызыПойыз 2026 жылдың 20 маусымынан 30 тамызына дейін күн сайын - тақ күндері жүреді. Құрамында 23 вагон қарастырылған. Пойыз 326 жолаушы орнына арналған.Пойыз кестесі:Алматы-2 станциясынан жөнелту – 14: 30;Достық станциясына келуі – 07:45;Достық станциясынан жөнелту – 10: 55;Алматы-2 станциясына келуі – 04:40.

3. №207/208 «Алматы-2 – Достық» пойызыПойыз 2026 жылдың 19 маусымынан 29 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға арналған.Пойыз кестесі:Алматы-2 станциясынан жөнелту – 14: 30;Достық станциясына келуі – 07:45 Достық станциясынан жөнелту – 10: 55;Алматы-2 станциясына келуі – 04:40.

4. №231/232 «Алматы-2 – Семей» пойызыПойыз 2026 жылдың 18 маусымынан 30 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға арналған.Пойыз кестесі:Алматы-2 станциясынан жөнелту – 21:03;Семей станциясына келуі – 16:30;Семей станциясынан жөнелту – 18:15;Алматы-2 станциясына келуі – 14: 05.

Жаз маусымында Балқашқа қосымша пойыздар қатынайды

Билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ билеттерді сатудың мобильді сервистері арқылы қол жетімді.Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы білуге болады.

Қазақстандағы жолаушылар пойызына Starlink интернеті қосылады

Соңғы жаңалықтар