• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2017

Өңірлік директормен жүздесті

200 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа бюросының өңірлік директоры Жужанна Якабпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Гүл­шара Әбдіқалықова Ж.Якаб­ты Тедрос Адханомның Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының жаңа Бас директоры болып тағайындалуымен құттықтады. Мемлекеттік хатшы Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері мен қызметтерін нығайтуға бағытталған барлық бастамаларының маңыздылығын атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова елі­міз­дің денсаулық сақтаудың, соның ішінде БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің өзекті мәселелерін шешу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен жобаларды іске асыруға  белсенді атсалысып отырғанын айтты. Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, атап айтқанда ана мен бала денсаулығын қорғау, өкпе ауруының алдын алу әрі онымен күресу, медициналық және фармацевтикалық білім беру және т.б. мәселелер бойын­ша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының географиялық тұр­ғы­дан шалғайда орналасқан Ал­маты қаласындағы Алғашқы ме­дициналық-санитарлық кө­мек көрсету офисі қызметінің мә­селелері талқыланды. Сондай-ақ, Гүлшара Әбді­қалықова Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ-ның көпжақты дипломатия жөніндегі хабын құру бастамасы туралы айтты. Ж.Якаб Қазақстанның ден­саулық сақтау саласы бойынша жүргізіп отырған саясатына ри­за­шылық білдірді.

Қымбат Тоқтамұрат, «Егемен Қазақстан»